БілімБас тақырып

Оқушылар үшін қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.

Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button