Бас тақырып

Орындалған аманат, тұғырланған тұғырнама

Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар айқындалған еді. Облыс орталығында өткен AMANAT партиясы бақылау комитетінің көшпелі отырысында Жол картасының орындалу барысы тағы бір мәрте егжей-тегжейлі талқыланды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Биыл облыста 49 мыңнан астам тұрғынды жұмысқа орналастыру, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 95,2 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру қорытындылары және партия­лық бақылау комитетінің отырысындағы жоспарлар туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев баяндады. Өткен жылы өңірде 985 грант пен шағын несие берілді. 1957 шағын және орта бизнес жобасы қаржыландырылды. 4,5 мыңнан астам бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқытуға жіберілді. 2777 жаңа шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрылды. Сайлау алдындағы бағдарламаның көрсеткіштері 30%-ға асыра орындалды.

– Биыл 601 грант пен шағын несие беру, 1,7 мың шағын және орта бизнес жобасын қаржыландыру, 49 мыңнан астам жұмыс орнын құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санын 95,2 мыңға дейін ұлғайту, жұмыспен қамтылғандар санының 222,7 мың адамға дейін өсуін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Жастарды жыл сайынғы жұмысқа орналастыру көрсеткіші бойынша міндеттемелер 2 есеге жуық орындалады, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Мектепке дейінгі білім беруде жеті ұйым ашу және жұмыс істеп тұрған жеке ұйымдарды 1379 орынға дейін кеңейту есебінен балаларды қамту ұлғайтылды. Жыл соңына дейін тағы 350 жаңа орынды іске қосу жоспарлануда.

75 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл – бастауыш сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары. Қарқаралы және Бұқар жырау ауданының Талды және Атамекен ауылдарындағы ескірген және апатты мектептердің мәселелерін оңтайлы шешу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 350 орындық екі жаңа мектеп салынуда. Сондай-ақ, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7100 орындық тағы 10 мектеп іске қосылады.

Өңір басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, агроөнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы түйткілдерді шешу туралы айтып, өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды.

Отырысты AMANAT партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев жүргізді. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының барлық көрсеткіштерін орындау қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік органдардың оны орындағаны үшін дербес жауапты болатынын еске салды.

– Ауқымды да жауапты жұмыс атқарылды. Бағдарламада жүзеге асырылған көп дүние бары аңғарылады. Дегенмен, біз әлі де күн тәртібінде тұрған межелерді лайықты түрде еңсеруіміз керек. Кемшіліктер сайлауалды бағдарламаның орындалу сапасы мен толықтығына айтарлықтай әсер етуі кәдік. Сондықтан, біз үшін қазір партия мен атқарушы және өкілетті мемлекеттік органдардың бірлес­кен күш-жігерімен іс жүзінде бар тәуекелдерді анықтау, туындаған түйткілдерді талқылау әрі шешу жолдарын әзірлеу маңызды, – деп атап өтті Павел Казанцев.

Әрекет ету уақыты кедергі атаулысын бірлесе еңсеріп, сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағын іске асыруға қол жеткізу қажеттігін меңзейді. Партияның күш-жігері іс-әрекеттегі ынтымақтастық ашықтыққа негізделгені абзал. Ал, нәтижесі сайлаушылар сенімнің ақталуына соны серпін болмақ.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button