Жаңалықтар

«Орталықтың» түлегі

  Кеше Астанадан сүйіншілі хабар жетті. «Орталықтың» мектебінен өткен журналист Қайрат ӘБІЛДИНОВ «Егемен Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары болып тағайындалды.

Әріптесіміз еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін бөлім меңгерушісі болды. Сондай-ақ, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.

Қайрат Жүнісұлы республикалық басылымдарда да жемісті еңбек етті.

2015 жылы «Егемен Қазақ­стан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып тағайындалғанын көзі қырағы оқырман жақсы біледі. Ал, биылғы жылдың басынан осы газеттің спорт бөліміне басшылық жасады.

Қайрат Жүнісұлы «Орталық­та» еңбек етіп жүргенде Қара­ғанды облысы әкімінің «Алтын сұң­қар» сыйлығын иеленген.

Бәрекелді!

Қаламыңыз мұқалмасын, Қайрат Жүнісұлы!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button