Басты тақырып

«Орталықтың» абыройы

     «Орталықтың» мәртебесі және бір мәрте асқақтады. Кеше облыс әкімінің баспасөз хатшысы Әлия Сыздықова редакциямызға мереке қарсаңында арнайы құттықтай келді. Ұжымға деген ізгі лебізін білдірген хатшы басылымның Бас редакторының бірінші орынбасары Ерсін Мұсабековке облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.

    Естеріңізде болса, жуырда ғана «Ақпарат саласының үздігі» медалін өңіріне жалтырата таққан Ерсін Кәрібайұлы бұған дейін Халықаралық «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты атанған еді. Қаламгерлік қабілетінің арқасында өзгелерден оқшау ойымен, өткір тілімен ерекшелене білген ағамызға берілген аймақ басшысының марапатын «Орталықтың» ормандай оқырманының абыройы деп білейік.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button