Орталықтағы оң өзгерістер
Абай ауданының Топар кентіндегі Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы 2018 жылы құрылып,бұрынғы ауылшаруашылық колледжінің ғимаратына орналасқан болатын Оның іші-сыртына күрделі жөндеу жасалынып, жас өскіндердің қабілеті мен бейімін да болсын бір дамытып, арттыру үшін заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылыпты.
Мұнда ашылған 10 үйірмеге сабақтан тыс уақыттарында 360 де оқушы қатысып, оларға 12 мұғалім жетекшілік етеді. Осы 6 жыл ішінде орталыққа келіп дайындалатын жеткіншектердің алған биіктері мен жетістіктері қуантарлық.
Мысалы, модератор-мұғалім Санат импорттау Ахметқалиев жүргізетін роботехника үйірмесіне қатысатын 50 бала топтарға бөлініп, өз қолдарымен түрлі роботтар жасап, құрастырады. Олардың сол жасаған дүниелері халықаралық Роболит жарыстарында сан рет жүлде алған. Енді Санат мұғалім тағы да 2 баланы алда болатын осындай сайысқа әзірлеуде.
Көркем шығармашылық үйірмесіне қатысушылар да облыстық, республикалық баспасөзде онлайн-жарыстардан орталыққа олжа салып жүр. Ал, ағылшын тілін үйрену үйірмесінің ашылғанына бір ай ғана болса, онда 3- сыныптың 10 оқушысы қамтылған.
Орталықта бұдан басқадай би, автоматика, электроника, техникалық модельдеу және құрастыру, компьтерлік бағдарламалау, автомобиль ісі үйірмелері, химия-биология зертханасы да бар.
Биыл ғимарат сыртындағы стадион жиегіне картинг жолы салынып, Дубовка ауылының орта мектебінде орталықтың бөлімшесі ашылды. Мұнда келетін 45 оқушы роботехника және компьютерлік бағдарламалаумен айналысады.
– Енді ауданның барлық ауылдарында ғы мектептерде де өз бөлімшелерімізді ашу ойымызда бар. Ол болашақ жастарымыздың жан-жақты азамат болып қалыптасуына көздейді деген еді, – деді аталған орталықтың директоры Ахат Жакиев.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz