АймақАқтоғай

Орманды қорғау – ортақ міндет

Қазіргі таңда күн райы күрт ысып тұрғандықтан өрттің алдын алған жөн. Желді күнде ұшқын болса лезде өрт шығады. Жазда өрт жиі орын алатындықтан, ол алдымен елді-мекенге көптеген шығындар келтіреді. Әсіресе, таулы әрі орманды аймақта тұратын азаматтар орман өрттерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында мұқият болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тиіс.

Әрбір аудан тұрғыны өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаса өзін және жақындарын жалпы апаттан қорғайтынын білгені жөн. Жалпы өрттің жиі орын алуы алдымен жанып тұрған шырпыдан немесе темекі тұқылын тастаудан басталады.

Күннің ыстығында темекі тұқылынан шөп, ағаш тез тұтанады. Сондықтан кез келген жерге ыстық шоқтарды қағып түсіруге болмайды.
Сондай-ақ, аң аулау кезінде немесе табиатқа шыққанда жанармай заттары сіңген сүрту материалын демалыс орындарында қалдыруға қатаң тиым салынады.

Мәселен қалың ағаш ішіндегі өрт минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып, 10-14 сағатта үлкен өртке айналады. Оны залалсыздандыруға бірнеше техника, үлкен күш керек.

Өрт алдымен айналасындағы бірнеше шақырым жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сондықтан, әрбіріміз орман тазалығына немқұрайлы қарамауымыз керек. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғандарға әкімшілік, ал өрт болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Әнімет АХАНОВ,
Қызыларай орманшылығының орман шебері.
Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button