Ақтоғай

Орман – жердің көркі

     Жаз маусымы басталғалы өрттің алдын алу жұмыстары басталды. Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылында орман өрттерінің алдын алу мақсатында арнайы жұмыс жоспары құрылды.

Қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселелердің бірі – табиғи ортаны қорғау. Қызыларай ауылы орманшыларының үздіксіз қызметінің арқасында ауыл маңайында қалың өрт болған емес. Десек те, «қара жерге халық ие» дегендей, ауылдың әрбір тұрғыны от шыққанда құралдарды қолданып, өрт жолына тосқауыл қоя білуі қажет.

Ауылымыздың табиғаты әсем. Өрт елді мекендерден бөлек, орманның қорғалған аймақтарына да зиян келтіреді. Өрттің өршуін болдырмау үшін айналадағы учаскелердің пирологиялық сипаттамасын ескере отырып, өзендер, жылғалар, соқпақтарды пайдалану арқылы өртті тоқтату әдістерін жүргізу маңызды.

Дала өрттерінің жылдамдығы – 20-30 шақырымды құрайды. Көбіне, ауылдық жерлерде өрт аптап ыстықтан туындайды. Дегенмен, жаз мезгілінде демалушылар Қызыларай, Шабанбай би ауылдық округтерінің табиғи қорғалған жерлерін тамашалауға асығады. Біздің орманшылар оқыс жағдайлар орын алса, тау-тас, қалаберді орман арасында өрттен қорғау шараларына дайын.

Айта кеткен жөн, барлық тұрғындарға өртті сөндіру кезінде жанып жатқан өрт аймағында түнеу ұйымдастыруға тыйым салынады. Бұл ескертулер шаруа қожалық жетекшілерімен өткен кездесулер барысында айтылып, үгіт-насихат белгілері орнатылған болатын. Басқа да орман-тоғай күтімдері жасалды. Өңір табиғатын қорғауда орманшылар қауырт жұмыс жүргізуде.

Әнімет АХАНОВ,

Қызыларай орманшылығының орманшысы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button