Қолжетімді бағам үнемге жол
Абай ауданында «ElectroMir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұтынушылары үшін тариф бағамы төмендетілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «ElectroMir» компаниясының электр энергиясын жеткізу қызметі бойынша 2021 жылғы 1 тамыздан 2024 жылғы 4 тамызға дейінгі мезгілге арналған қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Заңды тұлғаның өтініші бойынша «ЭлектроМир» серіктестігіне кезектен тыс тексеру нәтижесінде 74 072 мың теңге сомасында, ал, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ағымдағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушы тарапына 84 812,44 мың теңге залал анықталған.
Осыған байланысты «ElectroMir» тұтынушысы үшін электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтеріне 2024 жылғы 1 тамызынан бастап, 2026 жылғы 1 тамызға дейін қолданыстағы тарифтен 63,94%-ға төмендеумен қосымша құн салығынсыз 1 кВт/сағ үшін 3,66 теңге сомасында (ағымдағы тариф ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 10,15 теңге) уақытша өтемдік тарифін бекітті.
Төмендетілген тарифтің мерзімі 2024 жылғы 1 тамыздан 2026 жылғы 1 тамызға дейін қолданылады.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz