Қарағанды

Олқылықтың орны толуда

    Жұмыспен қамту орталығында өткізілген тексеріс барысында кейбір кемшіліктер анықталды. Оның ішінде, пандустың жоқтығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар кіре алмайтыны белгілі болған.

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Берекет Жайназаров:

Ғимаратқа кіреберісте біз сырғыма баспалдақ орнаттық, бірақ әзірге біздің маманды шақырту пернесі жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр,– деді. Сонымен қатар, электронды кезек мәселесі шешілмегендігін, мамырда тендерді жеңген компанияны сот алаяқ деп таныған соң, 15-ші қыркүйекте қайтадан байқау жариялағандығын мәлімдеді. Электрондық кезекке арналған құрылғыны сатып алуға және орнатуға бюджеттен 5,2 млн. теңге бөлінген екен.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button