Облыстық НЗМ оқушылары республикалық байқаудың екінші орын иеленді
Қарағанды НЗМ оқушылары София Дасаева мен Лейла Нұрлыбаева Solve for tomorrow 2023 республикалық әлеуметтік жобалар байқауында екінші орын иеленіп, 2,5 миллион теңгеге грантқа ие болды.
15 жастағы София Дасаева мен Лейла Нұрлыбаева 10-сыныпта оқиды. Байқауға олар Full Speed Wheelchair жобасын ұсынды – кәдімгі мүгедектер арбасы мен гироскутерді қосу арқылы жасалған бюджеттік, қауіпсіз және маневрлік электроарбалардың баламасы.
– Қыздар жоба бойынша дайындықты екі жыл бұрын бастаған. Алдымен олар Қарағанды инфрақұрылымының мобильділігі төмен топтар үшін қолжетімділігін зерттеді. Біздің инфрақұрылымды ескере отырып, оңай қозғалатын арба қажет. Бұл мәселені шешу үшін қыздар мүгедектер арбасын гироскутермен біріктірді. Арнайы негіздердің көмегімен олар артқы дөңгелектердің орнына гироскутерді бекітті. Мұндай прототиптің құны электр арбасына қарағанда арзан., – дейді географ және жоба жетекшісі Жанар Бәйметова.
Samsung компаниясының әлеуметтік жобалар байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылардың барлығы 400-ден астам жұмыстары қатысты. Екінші турға 33 жоба өтті. Олар байқаудың ақтық сынында жүлделі орындар үшін күресті.
– Бұл арбаны жасауға көп уақыт кетпеді. Біз бірінші прототипті жасаған кезде ол өте жақсы болып көрінді, бірақ тестілеу кезінде кемшіліктер анықталды. Креслода болған кезде арбаны өшіруге болмайды, сондықтан біз түймелерді рычагтарға қосуды шештік. Байқау барысында біз жобаның экономикалық құрамдас бөлігін есептеуге көмектескен Samsung компаниясының тәлімгерімен өзара әрекеттестік, – дейді Лейла Нұрлыбаева.
– Байқауға қатысу шамамен алты айға созылды. Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Біз көптеген пайдалы ақпарат алдық, финалда өз жобаларымызды басқа қатысушылардың идеяларымен салыстыра алдық. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. 2,5 млн теңгеге жобамызды одан әрі ілгерілетуді, оны жақсартуды жоспарлап отырмыз. Біз патент алғымыз келеді. Болашақта, мүмкін, біздің жобамызды монетизациялаймыз, – деп атап өтті София Дасаева.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының жобасы бұдан бұрын да Қазақстанның НЗМ оқушылары арасындағы байқауда және әл-Фараби атындағы Ұлттық университет ұйымдастырған республикалық жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz