Жаңалықтар

Облыстың бас имамы ардагерге құрмет көрсетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Сұңғат Смағұлұлын Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты.

Суреттер: ihsan.kz

Ардагерге облыстық «Әнет баба» мешіті атынан ізгі ниетпен ілтипат-сыйлықтарын тарту етті.

— Ислам мен бейбітшілік екеуі – егіз ұғым. Ел тыныштығын, дін татулығын қолдаймыз қашанда. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дін мен дәстүріміздің біте қайнасқан тұсы. Сондықтанда, өздеріңіздей көнекөз қарттарымыздың саулығын тілейміз! – деді имам Естай Айтуғанұлы.

Келелі кездесуде ғасырға жақындаған ардагер қария Сәттіғұлов Сұңғат Смағұлұлы отты жылдардың салмағын еске алып,  елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті.
Одан кейін  бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дін аралық татулықтың бүлінбеуін тіледі.
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы да ақсақалға ізгі тілегін білдіріп, ғибратқа толы ғұмырының ұзақ болуына дұға жасады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button