Жаңалықтар

Облыстық балалар кітапханасы қалалық байқау өткізеді

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы «Қобыланды батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқау жариялады. Оған 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар 1 қазанда кітапханада өтетін «Қобыланды батыр» эпосы бойынша тест тапсырады. 30 сұрақтың 27-сіне дұрыс жауап берген қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады.

Байқаудың екінші кезеңі – 5-қазанда өтеді. Шарт бойынша олар «Қобыланды батыр» эпосынан кемі 200 жол үзіндіні жатқа оқуы тиіс. Бұл кезеңде қазылар алқасы шығарманы мәнерлеп оқуына және қатысушылардың әртістігіне баға береді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтінімдер 25 қыркүйекке дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан Абай атындағы балалар кітапханасында немесе электрондық пошта арқылы қабылданады odb_abai@mail.ru

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button