Облыста — жаңа прокурор
Қарағанды облысының прокуроры қызметіне 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Құсайын Игембаев тағайындалды. Жаңа тағайындауға дейін лауазымды тұлға Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасын басқарған.
Құсайын Игембаев 1962 жылы Балқаш қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жезқазған қаласы прокуратурасының тергеушісі лауазымынан бастаған. Теміртау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. Кейін Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, Шығыс аймағының әскери прокуроры, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.