Жаңалықтар

Облыста ҰБТ тапсыруға өтініштерді қабылдау мерзімі белгілі болды

ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтты.

Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайтында беруге болады. ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардағы түлектер, сондай-ақ колледж түлектері қатыса алады.

 Тапсыру «U-FUTURE» ЖШС-нің 2 өңірлік тестілеу орталығының базасында заманауи прокторинг және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіле отырып, Қарағанды қаласында – Қазақстан көшесі, 15А, Балқаш қаласында – Ж.Әбуғалиев көшесі, 7 мекенжайлары бойынша электронды форматта өтеді.

Биылғы жылы облыс мектептерін 11-сыныптың 7 мыңнан астам түлегі және 15 мыңнан астам 9-шы сынып оқушылары бітіріп жатыр. «Алтын белгі» белгісін алуға 147 түлек, Үздік аттестатқа – 412, 9 сынып үздік аттестатына – 891 оқушы үміткер.

Қазір ҰБТ-ны жылына 5 рет, оның ішінде жазда екі рет тапсыруға болады, ал жазғы ҰБТ нәтижелері грант конкурсында ескерілетін болады. ҰБТ қорытындылары қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде түсу үшін және маусым-шілде айларында – бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты конкурсына қатысу үшін тапсырылады.

Биыл грантқа 16 мамырдан 5 шілдеге дейін тапсыруға болады. Осы тестілердің нәтижелері ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін де есептелуі мүмкін.

Сонымен қатар, білім басқармасында 8 (7212) 25-25-02 және 8-747-491-12-91 нөмірлері бойынша туындаған мәселелер бойынша кеңес алуға жедел желі жұмыс жасайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button