АймақБас тақырыпҚарағанды

Жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шаралар әзірлеу қажет – облыс әкімі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадаларына қауіп төнген жағдайда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмін қабылдау қажеттігін баса айтты.

Сурет: облыстық денсаулық сақтау басқармасынан

 Облыс әкімі жедел жәрдем жүргізушісіне зақым келтірілген оқиғаны өрескел деп атады.

– Бұл азаматтың орналасқан жері көп кешіктірмей анықталады. Жақын арада полиция оны табатынына сенімдімін. Біздің азаматтар жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарайтынын білемін. Алайда, кейбір адамдардың шыдамдылық танытпауы жалпыадамзаттық құндылықтардан, сыйластықтан, гуманизмнен жоғары болып тұрған тұлғалар да бар. Жедел жәрдем қызметкерлеріне және жалпы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмірін өлімнен арашалап қалатын басқа да маңызды салаларда жұмыс істейтін адамдарға қатысты кез келген осындай әрекеттер заң аясында жазаланады! – деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар облыс әкімі тұрғындарды ережелерді сақтауға, жолдарда жедел жәрдем көліктерін өткізіп жіберуге, жанжалға жол бермеуге шақырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button