Бас тақырыпЖаңалықтар

Облыс әкімі Приозерск тұрғындарымен кездеседі

30 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездеседі.

Сурет Қарағанды облысының әкімдігінен

Кездесу сағат 11:00-де «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді. Өңір басшысы тұрғындардың мәселелерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдайды. Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады.

Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын алдын ала жұмыс тобына жолдай алады. Ол үшін жұмыс күндері сағат 09:00-18:30 аралығында (түскі үзіліс 13:00-14:30) 8 (71039) 5-30-06 телефонына хабарласып,  prio_akimat@akimat09.kz электронды поштасына жазуға болады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button