Бас тақырып

Облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының құттықтауы

Құрметті ата-аналар, қымбатты балалар!

Сіздерді 1 маусым – Халық­аралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Балалар – біздің болашағымыз, өмірдің мәні және ең аяулы үкілеген үмітіміз. Бала тәрбиелеп отырған әрбір отбасы ел болашағына зор үлес қосуда.

Сурет сайт мұрағатынан

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баса назар аудару аса маңызды. Біз олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бұл – біздің мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларымыздың бақытты балалық шағы мен олардың үйлесімді дамуы біздің ортақ міндетіміз екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ, балаларды құқықтық және әлеуметтік қорғауға назар аудару аса маңызды.

Өскелең ұрпақты олардың тәрбиесіне қажетті дүниелермен қамтамасыз ету, елдің дамуы мен нығаюына және жарқын болашақ құруымызға негіз болады.

Құрметті балалар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздерге және ата-аналарыңызға зор денсаулық пен бақыт тілейміз.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button