Жаңалықтар

Қоңыратта – орталық жылу жүйесі

Қоңырат тұрғындары үшін басты мәселе шешілді. Ескірген қазандықтың орнына енді үйді Балқаш жылу электр орталығы жылытады. Бұрын қуаттылықтың жетіспеуіне байланысты әр жылыту маусымында тұрғындар пәтерлеріндегі суыққа шағымданып келген еді.

Биыл ЖЭО-дан 17 шақырым жаңа жылу магистралі тартылып, орамішілік желілер салына бастады. Шағын ауданда барлық әлеуметтік нысандар мен алғашқы 145 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Жергілікті биліктің айтуынша, жаңа жылу магистралі сапалы жылу беру ғана емес, шағын ауданды дамытуға әлеует.

– Жылыту маусымында жергілікті қазандықтағы үйлерге қызмет көрсету кезінде атмосфераға шамамен 51 тонна зиянды қалдықтар шығарылды. Себебі, ол көмірмен жұмыс істеді. Енді ауа сапасына әсері айтарлықтай төмендейді, – деп атап өтті Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Балқаш ЖЭО-на қосылу Қоңыратты қалыпты жылумен қамтамасыз етеді және шағын ауданда жаңа үйлер салуға мүмкіндік береді. Шенеуніктің айтуынша, онда алты тұрғын үй – шамамен 300 пәтер салынады. Жылу магистралі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Төрт сорғы станциясына қызмет көрсету үшін 20-ға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Қоңыратта қазірдің өзінде оң өзгерістер байқалуда. Қоңырат өркендеп келеді. Мұнда 20 пәтерлік 10 үй құрылысы қолға алынған. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке инвестициялар есебінен 9 екі пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар аяқталуға жақын. Жаңа құрылыстардағы пәтерлер кезекте тұрғандарға жалға алу шартымен берілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button