Бас тақырыпБілім
Оқушылардың қысқы демалысқа қашан шығатыны белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді. Яғни, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда 10 күн демалатын болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталады, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады, – делінген хабарламада.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.
1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі. Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.