Руханият

Оңтүстік Кореяда “Жер ұйық” фильмі көрсетілді

Қазақстандағы қуғын-сүргін кезеңі мен ұлттар арасындағы бауырмалдылықты суреттейтін “Жер ұйық” көркем фильмі Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында көрсетілді. Көрсетілімді  «Корея-Орталық Азия» Ынтымақтастық форумының хатшылығы, Қазақстан елшілігі және «Қазақфильм» ұйымдастырған. Бұл туралы “Хабар24” хабарлады.

«Жерұйық» фильмі үлкен экранға 2011 жылы шықты. Әйтсе де, кореялықтар оны алғаш рет көріп отыр. Фильмді Қазақстандағы ең ірі киностудияда корей тіліне аударып титрленген. Оған екі ай уақыт қажет болды. Кореялықтардың кинолентаға айрықша қызығушылық тантты. Өйткені,  Кореяда қазақ даласына жер аудару тарихы мектептен бастап зерттеледі.

Ли Су Нам, Сеул қаласының тұрғыны:

– Бүгін осы фильмді көріп Қазақстан туралы көп мәлімет алдым. Бұл мейірімді мемлекетте көп ұлт тұрады екен. Қазақстан халқы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаншама қиыншылықтарды көрді. Мен оны түсінемін өйткені біз де соғыстан өттік. Мен корей ұлты жер аударылғаны туралы естідім, бірақ бүгін осы кезеңді жаңа қырынан көрдім. Қазақ халқы отандастарымызды жылы қарсы алып, оларға мейірімділік танытты. 

Басқа материалдар

Back to top button