Қарағанды

Оң шешімін тапты

    Кәсіпкерлер палатасының маңызды артериялық жүйелерінің бірі – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес болып табылады.

Кеңес-бизнестің өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесетін жедел органдарының бірі болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұқсас алаңның болмағанын атап өтеміз. Және кішігірім уақыт аралығында Кеңес беделді ұйымға айналып үлгерді. Бүгінде оның құрамында мемлекеттік органдардың және депутаттық корпустың өкілдері, танымал заңгерлер мен адвокаттар, кәсіпкерлер бар.

Отырыста бизнес субъектілерінің заңды мүдделеріне қысым жасауға қатысты нақты жағдайларды шешу жолдары қарастырылады. Осы алаңда бизнес-қауымдастық өкілдері тікелей мемлекеттік органдарға жүгінуге, оларға өз мәселелері бойынша нақты сұрақтар қоюға мүмкіндіктері бар. Әр отырыстың соңында оған қатысушылар бизнестің мүддесін қорғауға бастама болатын шешім қабылдайды, және оның негізінде, Палата кәсіпкерді қорғау және қолданыстағы жүйелік мәселелерді шешу үшін тиісті қадамдар жасайды.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасында 2015 жылдың 25 ақпанынан бастап Кеңестің 29 отырысы өтті, оның ішінде 2 отырыс Жезқазған қаласында және Қарағанды облысы прокуратурасы алаңында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, осы аралықта 69 мәселе қаралып, 44 жеке, 16 жүйелі маңызы бар және 9 ақпараттық сұрақ талқыланды.

Кеңестің қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің пайдасына 33 мәселе шешілді. Бұл мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзу, заңсыз тексеріс жүргізу, қандайда мәселенің сот орындарында ұзағынан қаралуы және басқа мәселелер.

Кеңесте талқыланған барлық көкейтесті мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз жарияланып тұрады, әр отырыс ашық алаң түрінде өтеді және оған келемін деушілерге есік әрдайым ашық.

Ернар Күлпейісов,

Қарағанды облысы

Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button