Ақтоғай

Қоғам таңдауы – қауіпсіз ғаламтор

Республикалық «Өмірге иә де!» акциясы аясында Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебіне ғаламтор сүзгіш орнататын пилоттық жоба іске қосылды. Ауылдық ресурстық орталықтағы қауіпсіз ғаламторды қолдануға арналған кампания баланың өмірі мен денсаулығын жағымсыз ақпараттардан сақтайды. Сондай-ақ, түрлі насихаттау мен үгіттеулерден қорғап, жағымсыз сипаттағы зорлау мен қорлау көріністеріне, есірткіге, экстремизмге, құмар ойындарға және суицидке итермелейтін сайттарға құрсау қояды. Жағымсыз ақпаратқа оңай қол жеткізудің алдын алады.

Осы мақсатта жоба аясында мектепте комиссия құрылып, құрамына мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрағасы енді. Жоба жөніндегі жиынға Шашубай кентінің әкімі Д.Исбеков, Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты, «ТоқырауынСуЖылу» ЖШС директоры Н.Манғышев, кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы, аудандық ІІБ ЖПҚ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты М.Мейізбекұлы, «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Ф.Ақбергенова қатысты.

Сүзгіш орнатқаннан кейін Шашубай кентінің «МББК» КММ «ІТ-технологиялар» құзыреттілік орталығының қызметкерлерімен педагогикалық ұжым мен оқушылардың жұмыс істеуіне арналған қажетті сайттардың «таза» (рұқсат етілген) тізімі құрастырылды. Тексеру жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп мектеп бойынша ғаламторды сүзгіштен өткізу жүйесінің жұмысын бақылау «IT- технологиялар» құзыреттілік орталығына жүктелді. Әрине, әзірге пилоттық жоба болғанымен, күн сайын сайттарға кіру тізімдері тексерілетіндіктен жақсы нәтиже көрсетуде. Осы ретте айта кеткен жөн, бағдарлама белгілі бір кезең бойынша ғана емес, нақты бір күннің есебін тексеруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде биыл сүзгіштен өткізу бағдарламасының сараптамасы бойынша 99401 сұраныс өңдеуден өткізіліп, оның 29843-не құрсау қойылды.

Мысалы, «Іздеу жүйелері мен порталдары» бойынша 26751 сұраныс түссе, 21852-сі өңдеуден өткізілді. Оның ішінде 4899-не (18,3%) құрсау қойылды. Ал, «Білім беру» бөлімі бойынша 1071 сұраныс болса, оның 63-не (5,88%), «Күмәнді мазмұндағы сайттар» бойынша 3 сұраныстың барлығына құрсау қойылған.

Бүгінгі таңда ғаламторлық сүзгіш сәтті жұмыс істеп тұр. Алайда, сайттарды ашу және файлдарды көшіру барысында желі жылдамдығы едәуір төмендегендіктен, жобаға жауапты «Greenet» ЖШС -мен белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Аяулым СОВЕТ

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button