Руханият

Өнерлі өрендер бас қосты

Қарағанды қаласында балалар шығармашылығына арналған «Жаңа есімдер» атты IX облыстық байқауы өтті. Байқауды облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Оған Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ақтоғай, Шет аудандары мен Балқаш, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Ақтас кентінен 600-ден астам үміткер қатысты.

Өнер додасы 4 аталым аясында өтті. Атап айтсақ, «Менің отаным – Қазақстан» бейнелеу және қолөнер көрмесі, «Би», «Ән», «Көркемсөз оқу» номинацииясы.

«Бейнелеу көрмес» мен «Би» номинациясы Кеншілер мәдениет сарайында, «Ән» аталымы Академиялық музыкалық комедия театрында, ал, «Көркемсөз оқу» номинациясы Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында өтті. Осы кезеңдерде әр қатысушы өз бағын сынап, бойындағы ерекше өнерін көрсетті. Қазылар алқасы да бағасын беріп, пікірін ортаға салды. Байқау қатысушыларын ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. Ақшалай сыйлықтардан ІІІ орынға – 30 мың теңге, ІІ орынға – 40 мың теңге, І орынға – 45 мың теңге, Бас жүлде иегерлеріне 50 мың теңгеден берілді.

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында өткізілген бейнелеу және қолөнер көрмесінде сурет өнерінің түрлі бағыттары қамтылды. Олар: портрет, коллаж, жіппен салынған суреттер, майлы бояу және шеге арқылы жасалған түрлі туындылар болды. Көрме бойынша, ІІІ орын «Радуга», «Творческое мастерство» студияларына берілді. «Би» номинациясындағы қатысушылар бидің екі түрі бойынша өнер көрсетті. Олар – дәстүрлі және еркін бағыттағы билер.

«Би» номинациясына қатысушылардың барлығы би ұжымдары және олардың ортаға салған өнерлері таңқаларлықтай ерекше әрі жоғары деңгейде болды. Бас жүлдені «Глория» би ұжымы жеңіп алды.

«Ән» номинациясында әннің екі бағыты қарастырылды. Олар патриоттық және дәстүрлі әндер. Көрерменді дауысымен баурап алған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды. Мұнда ІІІ орынға ие болған қатысушылар – Кәусар Рүстем мен Аружан Нұриддин. Жүлделі ІІ орын иегері Ақниет Балғабайқызы, І орынға Рустам Авбай жайғасты. Бас жүлде иеленген – Айзере Бекет.

«Көркемсөз оқу» номинациясында орыс және қазақ жазушылары мен ақындарының көңілге ой саларлық туындылары оқылды. Мұнда ІІІ орынға ие болған Назерке Мақабаева мен Камила Есенова. ІІ орынды Никита Михайленка мен Сабина Ізтілеуова алса, номинацияның І орынын Элизавет Михайленка иеленді. «

Бұл – Халықаралық балалар күні аясында өткізіліп отырған байқау. Байқаудың мақсаты – балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, шығармашылық қабілетін арттыру, жаңа талант көздерін ашу. Байқаудағы әр кезең өз ерекшеліктерімен көрерменнің қошеметіне ие болды», – дейді байқау ұйымдастырушылары.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button