Жаңалықтар

Өнеркәсіп – өңір тірегі

            Басқарманың қызметі өнеркәсіп салаларының экономикалық өсімін, индустриялық-инновациялық дамуын, инвестициялық қызметті қамтамасыз етуге бағытталады. Басқарма өз қызметінде Елбасының және ҚР Үкіметінің Бағдарламалық құжаттарын, соның ішінде, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алады.

2017 жылы облыста өсу қарқыны сақталған. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салаларының қимасында мемлекеттік қолдау шараларын қолдану және индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде оң даму қарқыны байқалады.

Облыстың ЖӨӨ көлемінің жартысы өнеркәсіпке келеді 49,5% (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек), соның ішінде, өңдеуші сала – 32,1%, бұл да республикада жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Республикалық көлемде облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 14,7% құрайды (Атырау облысынан кейін ІІ орын), соның ішінде, өңдеуші сала – 22,9% (республикада – І орын).

Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 32,7 мың АҚШ долларын құрайды (республикада – ІІ орын).

Өнеркәсіптік саланың кәсіпорындарында жұмыскерлер саны 176,9 мың адамды құрайды. Соның ішінде, өңдеуші өнеркәсіпте – 89,7 мың адам.

2016 жылы инновациялық – белсенді кәсіпорын үлесі әрекеттегі кәсіпорындар қатарынан 10,6% құрайды және 2015 жылмен салыстырғанда 1,4 пайыздық тармаққа артты.

2016 жылы өндірістің жалпы көлемінде инновациялық өнім сомасы 31,3 млрд. теңгеден асады және өнеркәсіптің жалпы көлемінде оның үлесі 1,6% құрайды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 2%.

2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2259,2 млрд. теңгені, өнеркәсіптік өнім индексі – 104,1% құрады. Өңдеуші өнеркәсіпте НКИ 103,2%, құндық мәнде 1 770,7 млрд. теңгені құрайды.

Өңдеуші өндіріс аясында өсім фармацевтикалық өнім (30,5%-ға) өндірісінде, машина жасауда (9,2%-ға), түсті (8,6%) және қара (4,8%) металлургия өндірісінде, химия өнімі өндірісінде (5,8%-ға) байқалды.

Тау-кен өндіруші және карьерді барлау өнеркәсібінде нақты көлем индексі 109,2%,  құндық көлемі 271,2 млрд. теңгені құрады.

Көмір және лигнит өндіру – 1,6%-ға, темір кендерін өндіру – 4,6%-ға, түсті металл кендерін өндіру – 5,3%-ға, тау-кен өндіруші өнеркәсіп саласында техникалық қызметтер көлемі  2,1  есеге артты.

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шикізаттық ресурстармен байланыспайтын экономиканы құру жоспарланған және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағдарланған. Белгіленген басымдықтарды ескере отырып, Кәсіпкерлікті қолдау картасының жобаларын іздестіру, ынталандыру және жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына Қарағанды облысынан 103 жоба енгізілді. Соның ішінде республикалық Картаға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның, «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС-нің 217,2 млрд. теңге сомасына, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 2 жоба енген.

Өңірлік маңызы бар 101 жобаның жалпы құны 554,2 млрд. теңгені құрайды, 9341 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Облыстың барлық 18 өңірі Кәсіпкерлік қолдау картасына ұсынылған. Карта аясында бүгінгі таңда жалпы сомасы 252,1 млрд. теңге болатын 84 жоба жүзеге асырылған. Кәсіпорындарда 6432 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Олардың ішінде 16 жоба РФ, ҚХР, Қырғызстан, Түркия, АҚШ сияқты елдерге экспортқа өнім шығарады. Сонымен қатар, Картаның 16 инвестициялық жобасы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған.

Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру облыста машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК саласында жаңа өнім түрлерінің өндірісін құруға мүмкіндік береді.

2017 жылы жалпы сомасы 7,7 млрд. теңгеге, 301 жаңа жұмыс орындарын құрумен 8 жоба жүзеге асырылды.

2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін Картаның іске қосылған жобаларымен жалпы сомасы 624,5 млрд. теңгеге, соның ішінде, 2017 жылы  – 192 млрд. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының үлесі 8,4% құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 9,6%.  Сонымен қатар, өндіріс көлемінің қосымша өсу резервтері ретінде 2017 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс Саран қаласында «Спецсталь» ЖШС-нің құю өндірісін ұйымдастыруы бойынша 1 жобасы іске қосылды, 20 жұмыс орны құрылды.

Жобаларды жүзеге асыру және әрекеттегі өндірістерді жаңғырту инвестиция салымынсыз мүмкін емес. Жыл сайын облыс экономикасына шамамен 300 млрд. теңге инвестиция жасалды.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылдың қорытындылары бойынша 358,8 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 110,2% құрайды.

Көрсеткішке «Арселор МитталТеміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» ЖШС, «Нова Цинк» ЖШС сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен қаражат салу есебінен, сонымен қатар инвестициялық жобаларды: «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС, «Жәйрем ТКБК» АҚ,  «Алайғыр» ЖШС,  «Алтын Алмас» ЖШС жүзеге асыруға инвестициялық салымдар, бюджеттік қаражат есебінен қол жеткізілді.

Инвесторлардың өз қаражаттары саланы қаржыландырудың негізгі көзі (70,3%) болып қала бермек және 252,3 млрд. теңге құрайды.

Экономика салаларының құрылымын жандандыру және қайта құрылымдау үшін облыста инвестицияларды тартудың және жоғары экономикалық қызметінің жоғары деңгейі бар «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ әрекет етеді.

АЭА инфрақұрылымының негізгі нысандарының құрылысы аяқталған. 2012 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда инфрақұрылым құрылысының белсенді фазасы жүргізілді. Бұл – энергиямен қамту, теміржол және теміржол станциясы, автомобиль жолдары, әкімшілік орталық, өрт сөндіру депосы, сумен қамту және кәріз желісі мен құрылыстар.

АЭА пайдалануға қабылданған инфрақұрылым нысандары әрекеттегі қатысушылар – дөңгелек шүмек және тығын арматура өндірісі бойынша «Бемер Арматура» ЖШС, жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі бойынша   «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС, металлургиялық кремний өндірісі бойынша «Tau-Ken Temir» ЖШС, отқа төзімді материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу бойынша «Seven Refractories Asia» ЖШС-нің, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату саласында қызмет ететін «Recycling Company» ЖШС үшін үшін инфрақұрылым қызметтерін (электр қуаты, ТЖ қызметтері) ұсынады.

Осы уақытта АЭА қатысушы мәртебесін 12 компания алған (6 жүзеге асырылған, 6 жүзеге асырылу барысында).

АЭА қызмет ету кезеңінде инвесторлар шамамен 25,6 млрд. теңгеден астам сомада  тікелей инвестициялар жасаған. Олар бойынша қайтарым инфрақұрылым құрылысына салынған 1 (бір) теңгеден 1 теңге 05 тиынды құрайды.

Облыста «бір терезе» қағидасымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда халыққа қызмет көрсету орталығының, инвесторларға қызмет көрсету орталығының, «ҚазАгроГарант» АҚ Қарағанды филиалының кеңесшілері, Қарағанды облысының АШТӨ үшін инвестициялық субсидиялар бойынша операторлар және «Даму» КДҚ» АҚ өкілдері жайғастырылған. Қарағанды облысы әкімінің төрағалығымен Инвестицияларды тарту және өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Кеңес құрамына инвесторлар, ірі бизнес өкілдері, даму институттары және мемлекеттік органдар енді.

Кеңестің қызметі әкімшілік кедергілерді азайтуға, облысты дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды, инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге, өңірді әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін бірыңғай инвестициялық саясатты жүргізу үшін қажетті жағдай құруға бағытталған.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, инвестицияларды тарту бөлігінде  жүзеге асыру аясында елімізге трансұлттық компанияларды тарту бойынша міндеттер қойылған. Атқарылған жұмыстар аясында бірқатар ірі халықаралық компаниялар тартылған.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау аясында облыстағы әрекеттегі және жаңа енгізілген кәсіпорындарда Индустрия 4.0 элементтерімен сандық технологияларды енгізу бойынша маңызды іс-шаралар өткізілуде.

Осы уақытта көптеген кәсіпорындарымызда заманауи технологиялық жабдықтар, автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған технологиялық желілер бар. Олардың өндірістерінде бағдарламалық қамту енгізілуде.

Тек, 2017 жылы облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындарының өндірістерін жаңғыртуға және цифрландыруға шамамен 111  млрд. теңге инвестиция жасалды, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артық. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да әрбір қайта өңдеу деңгейіне қатысты өндірістік үдерісті басқару жүйесі – MES әзірленген. Жүйе келесі үдерістердің өндірістік үдерістері мен ақпараттық қолдауын автоматтандырылуын қамтамасыз етеді: жедел жоспарлау, есепке алу, өнім сапасы, жабдықты басқару және өнімділікті талдау.

Сонымен қатар, АМТ-да келесі жобалар жүзеге асырылған: тұлғаның биометриясы технологиясына негізделген қолжетімділікті бақылау жүйесі. «Қазақмыс» кәсіпорны инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмысы жалғасуда. Осы кәсіпорында төртінші индустрия элементтері корпоративті ақпараттық-басқарушы жүйені пайдалану жолымен енгізілуде. Өндірістік үдерістерді цифрландыру қарастырылған: өндіруден, қайта өңдеуден, тасымалдаудан бастап дайын өнім шығаруға дейін.

«Шұбаркөл көмір» АҚ кәсіпорынды басқарудың біріктірілген жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол жоспарлауды, қаржылық есептілікті, сатуды, өндіріс көлемін, жөндеу жұмыстарын, персоналды басқару, инвестициялық қызмет пен логистиканы бір-бірімен байланыстырады.

2018 жылдан бастап «Ақылды карьер» – тау-кен көлік кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйені (экскаваторлар, тиегіш және ауыржүктасығыш автомобиль) енгізу жоспарланған.

«Жәйрем ТКБК» АҚ 2018 жылдан бастап жобалық қуаттылығы 5 млн. тоннаға дейін полиметалл кендерін қайта өңдеу бойынша қорғасын, мырыш концентраттарын алумен және 2020 жылы пайдалануға қабылдаумен жоғары автоматтандырылған байыту фабрикасының құрылысын салу жоспарланған.

«Алтыналмас» кәсіпорны 2020 жылға дейін «Сандық кеніш» жобасын жүзеге асыру жоспарланған, бұл барлық өндірісті бірыңғай ақпараттық кеңістікте онлайн тәртібінде біріктіру мүмкіндігін береді. Өңірде осы үдерістерді ұйымдастыра алатын жоғары білікті кадрлар бар.

Қарағандының бұрыннан келе жатқан зауыттарының бірі – «Мaker» ЖШС құю-машина жасау кәсіпорны білдек паркін толығымен заманауи роботтандырылған жабдықтармен жаңартты. Машина жасау өндірісін жаңғырту қосалқы бөлшектерді, тораптарды және тау-кен өндіруші сала үшін механизмдерді әзірлеудің толық циклін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қол жеткізілген технологиялық босалқы дайындама облыстағы көптеген кәсіпорындарға одан әрі даму үшін дайын болуға мүмкіндік береді.

Облыс алдында цифрландыру мен біріктіруді халықаралық технологиялық өндірістер тізбегіне көшуді қамтамасыз ету міндеті тұр.

Облыста осы бағытты жандандыру үшін біз алаңша құрдық – ғылым, инновациялар және жаңа технологиялар кеңесі.

Кеңестің негізгі мақсаты – облыстың ЖОО ғылыми әлеуеттерін өндірістің технологиялық міндеттерін шешуге, соның ішінде Индустрия 4.0 жүзеге асыруға тарту.

2018 жылы технологиялық міндеттерді шешуге көмек көрсету үшін өңірлердің ғылыми ұйымдарымен және өндірістік кәсіпорындарымен өзара әрекет ететін өңірлік инновациялар кеңсесін (ӨИК) құру және дамыту қарастырылған.

Облыста «Өнімділік 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпорындарда қолдану және түсіндіру бойынша  жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2017 жылы «Казахстанский институт развития индустрии» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ сияқты түрлі даму институттарымен семинар-мәжілістер өткізіліп, кәсіпорындарды аралау ұйымдастырылған.

Индустриялық дамыту механизмдерінің бірі қазақстандық қамтуды дамыту бөлігінде отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.

Қарағанды облысының жүйеқұрушы кәсіпорындарының сатып алуларында жергілікті қамту үлесін талдау тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі.

2017 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындарымен 377,2 млрд. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алынды, отандық тауар өндірушілерден 272,2 млрд. теңгеге сатып алынды:

– тауарлар бойынша – 157,3 млрд. теңге;

– жұмыстар бойынша – 27,2 млрд. теңге;

– қызметтер бойынша – 87,4 млрд. теңге.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерден ТЖҚ сатып алу сомасы 24,3 млрд. теңгеге өсті.

Қарағанды облысы осы көрсеткіш бойынша алдыңғы орындарда.

Қазақстандық қамтуды дамыту аясында 2017 жылдың наурызында Қарағанды облысының жүйеқұрушы және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында жалпы сомасы 52,2 млрд. теңгеге жергілікті қамтуды дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда осы меморандум бойынша орындалу 169% құрайды.

Жүйеқұрушы кәсіпорындармен ұқсас қол қоюлар 2015, 2016 жылдарда да ұйымдастырылған.

Өндірістік қуаттылықтардың жүктелуін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді кепілдікті тапсырыстарды қамтамасыз ету және босаған жұмыскерлерді тарту мақсатында Қарағанды облысының жүйеқұрушы кәсіпорындары айналасында 46 кәсіпорын шоғырланып, аутсорсингке тапсырылды.

Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ – Теміртау қаласында 33 кәсіпорын, соның ішінде 26 кәсіпорын шоғырланып, 7 кәсіпорын аутсорсингке тапсырылды.

2017 жылы жоғарыда аталған кәсіпорындардан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 18,8 млрд. теңге сомасына сатып алу жүргізді.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС бойынша Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев қалаларында 13 бейінді емес өндіріс аутсорсині шығарылды.

Аутсорсер компаниялар автомобиль және теміржол көлігі, тамақтану қызметі және арнайы киіммен қамту, резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі, ксантогенат және кислород өндірісі, мұнай шаруашылығы бойынша қызмет көрсету, химиялық талдау жүргізу және т.б. салаларда жұмыс істейді.

Осы компанияларда 8,3 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 58,5 млрд. теңгеден астам сомаға шарттар жасалды.

Қарағанды облысының әкімдігі отандық тауар өндірушілер үшін жаңа сату нарығын іздестіру үшін түрлі форумдар, көрмелер мен конкурстар, сонымен қатар басқа өңірлерге көшпелі іс-шаралар ұйымдастырады. Осы іс-шаралар басқа өңірлерде кәсіпорындардың филиалдары мен өкілдіктерін ашу үшін негізгі жағдайлардың бірі болып табылады.

Өңіраралық кооперация бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аясында ағымдағы жылдың маусымында Қазақстанның мұнай-газ салаларының инженерлік желілерінде отанды өндірушілердің өнімдерін қолдану мәселелерін қарастыру үшін «ТенгизШевройл» ЖШС (одан әрі ТШО), Карачаганак Петролиум Оперейтинг (одан әрі КПО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани (одан әрі НКОК) сияқты мұнай-газ компанияларының «Сарыарқа» АЭА аумағына сапары ұйымдастырылды.

Осы іс-шара өткен жылы басталған мұнай-газ компаниялармен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша 2016 жылы басталған жұмыстардың жалғасы ретінде ұйымдастырылды, онда ТШО, КПО сияқты ірі мұнай-газ облыстың өнеркәсіптік әлеуеті өңірдегі шығарылатын тауарлардың номенклатурасы таныстырылды.

Басқарма жұмысы  мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға – экономиканың шикізаттық емес секторында өңірлік кәсіпкерлікті тұрақты және теңдестірілген өсімді қамтамасыз ету, отандық өндірушілердің тауарларын қолдауға және олардың өнімдерін шетелдік нарыққа шығаруға, жаңғыртуға, әрекеттегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыруға, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Ғ.ЖҰМАСҰЛТАНОВ,

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button