Білім
Өнер байқауынан олжалы оралды
24-26 қараша күндері Ақтау қаласында «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті. Оған облыс атынан қатысқан 6 оқушы жүлдемен оралды.

Байқауда өлең жазу, эссе жазу, көркем сөз оқу, айтыс өнері, шешендік шеберлік және ұлттық аспапта ойнап, өз өнерлерін ортаға салды.
«Шешендік өнері» аталымында сынға түскен Абай атындағы №104 мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы Еркежан Қаныш ІІІ орын иеленді. «Көркемсөз оқу» аталымында сынға түскен Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы Али Қошқаров та жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
Бұқар жырау ауданы С.Торайғыров атындағы тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Тілек Мәлікке ынталандыру сыйлығы табысталды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz