Білім

Негізгі ҰБТ-да Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етіледі

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

Ұлттық тестілеу орталығы басшысы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесу өткізіп, Менделеев (Химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.

Баршаңызға мәлім, «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі. Алайда түлектер оның қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат сұрады. Осыған дейін айтқанымдай, біз 2023 жылғы ҰБТ-да тестіленушілердің қалауы бойынша кестелердің қағаз нұсқасын беру туралы шешім қабылдадық, – дейді Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының айтуынша, талапкерлер кестенің электрондық немесе қағаз форматын да қолдана алады.

Сондай-ақ, ол талапкерлерге қағаз нұсқасын тест әкімшілері ҰБТ-ның өзінде беретінін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, тестілеу кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия» және «География» пәндері бойынша есептерді шешу үшін калькулятор қолжетімді болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button