Негізгі ҰБТ-ға түлектерден өтініш қабылдау басталды
Жоғару оқу орнына грант бойынша түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) негізгі кезеңіне тіркелу басталды. Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырда аяқталады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.
Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға 2 мүмкіндік беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайтында тіркелу қажет. Тіркелудің бірінші кезеңі 28 сәуірден 6 мамырға дейін, екінші кезеңі 7 мамырдан 14 мамырға дейін болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz