Ақтоғай

Нәсіп көзі – кәсіпте

   Жақында Ақтоғай ауданының орталығында «Керуен» сервистік кешені іске қосылды. Кешен иесі кәсіпкер – Ердос ҚАСЕНОВ.

Шараның ашылу салтанатына құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі С.Әбеуова ауыл-ауылдарда жастарымыз қосалқы шаруашылықты қолға алып, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін ашып, берекелі істің нәсібін көріп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, өлкетанушы, ар­дагер ұстаз Т.Ақпанбаева, ауыл ардагері Ж.Қызылбаев жиылған жұртшылыққа мерекелік лебізін білдірді.

Жеке кәсіпкер Е.Хасеновтың ай­туынша, сервистік кешеннің ауыл тұрғындарының автокөліктеріне қажетті барлық қызмет түрлерін көрсетуге әзір. Атап айтқанда, көлік жуу, дөңгелек жасау, көліктің майын ауыстыру және жөндеу секілді сапалы қызмет ұсынады. Сонымен қатар, мұнда кіші банкет залы да орналасқан. Алдағы уақытта кешен ішінен автобөлшектер мен азық-түлік дүкені ашылып, жалға бөлмелер берілетін болады.

Думан БАҚЫШЕВ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button