Ресми
Нұра ауданында жоғалып кеткен шопанды тікұшақпен іздеуде
Нұра ауданында ақпанның 14-і күні үйінен мал іздеп кетіп, байланысқа шықпаған шопанды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бүгін адасып кеткен адамды іздеуге тікұшақ жұмылдырылғаны белгілі болды. Ер адам қыстағынан қарда жүретін көлікпен шығып, жоғалып кеткен.
– Тұлғаны іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиакөлік» АҚ МИ-8 тікұшағы көтерілді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері Нұра ауданындағы Кенжарық ауылынан 60 шақырым жердегі қыстағынан 14 ақпан күні қарда жүретін көлікпен шығып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, – деді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.