АймақАқтоғай

Мыс зауыты салынады

Ақтоғай ауданының әкімі Руслан Кенжебеков «Cuprum Energy» ЖШС-нің директоры Магад Еркенді қабылдады. Аудан басшысы арадағы келісім арқылы инвестиция тарту және жұмыс орындарын құру мәселесін шеше алатын боламыз деп атап өтті. Өндіріс ошағы аз уақыт ішінде аймақ экономикасын әртараптандырып, өңдеу саласы мен металлургияны қолға алу, өңір экономикасын дамытудың басты жолы болмақ.

Кездесу барысында компания директоры аудан аумағында орналасқан «Қасқырқазған» кен орнына геологиялық барлау жұмыс­тарының толық аяқталғандығын мәлімдеді. Мыс қоры анықталып, жылына 5000 тонна мыс өндіретін зауыт құрылысын бастауға рұқсат сұрады. Және құрылыс салатын жер құжаттарын рәсімдеуге әзір екендігін жеткізді.

​Компания өкілінің айтуынша, «Қасқырқазған» игерілмеген ең ірі мыс кен орыны санатына жатады. Зауыт құрылысы екі жыл көлемінде аяқталады. 300-ге тарта жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда.

Аудан әкімі Руслан Кенжебеков инвесторлардың жобасын жан-жақты қолдайтынын, жұмысқа ешқандай кедергі болмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, осы салаға жауапты әкім орынбасарына, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button