Бүгін, Шахтинск қаласында 1000-нан астам ағаш егілді. «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында қалалық саябақта 700 түп сирень егілді.
Ағаш егу жұмыстарына қатысуға барлығын шақыру туралы ұсыныс Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбековтен түсті.
Нәтижесінде 200-ден астам адам қатысты.
Олар еріктілер тобы, белсенділер, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпкерлер және қала тұрғындары. Қаланы сирень, қайың және одан да жақсы тамыр жаюға икемді қарапайым ағаш – қарағаш көркейтеді. Саябақта отырғызылған ағаштармен қатар қаланың білім беру мекемелерінің аумақтары мен іргелес кенттерде тағы 300 түп ағаш егілді. Қаланың қарт тұрғындарына аулаларына отырғызу үшін 350 түп ағаш берді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz