Жаңалықтар

Мерейтойға тарту мол

    Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуге дайындық барысы қаралды. Тәуелсіздік еліміздің үлкен жетістігі екенін тілге тиек еткен облыс басшысы мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ерекше игі істерге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер туралы баяндалатын шаралар ұйымдас­тырылуы тиіс деп тапсырма берді.

Мәжілісте ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесін кеңінен атап өту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Республика бойынша «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 Негізі» 25 жұлдызды күні аясында 21 қарашадан бастау алған айтулы іс, 16 желтоқсан аралығына дейін Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін таныстыратын 25 іс-шара өткізіледі. Облыс бойынша 35 500 адам қайырымдылық іс-шаралармен қамтылмақшы. Кәсіпорындардың ғимараттарын, орталық алаңдарды мерекеге сай безендіру, тақырыпқа сәйкес билбордтар мен кермелер ілу жөнінде тапсырмалар берілген. Мереке барысында сыртқы безендіру жұмысына 2000 дана билборд пен кермелер, жалаушалар ілінеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік тақырыбында патриоттық тәрбие беру шаралары, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіледі.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button