Мерейлі мерекеңмен!
Тәуелсіз еліміздің болашағы атанған жас ұрпақты білім нәрімен сусындату үшін өз ісінің білгірі, бала жанының бағбаны қажет. Себебі, қоғам өзінің дамуы барысында өз халқының тарихын, тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын, болашаққа мақтанышпен жеткізе алатын ұрпақты тәрбиелейді.
Білім беру саласының мақсаты – білімді де білікті тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны ерекше білім ордаларының санатында. Қасиетті шаңырақта еңбек етіп, шәкірттерін үлкен өмірге тәрбиелеп ұшырған аяулы ұстаз – Айсұлу Байбалкенованы ерекше атап өткіміз келеді. Біздің балаларымыздың сынып жетекшісі Айсұлу Ахметқызы талмай еңбектеніп, әр балаға ерекше көңіл бөліп, тәрбие берді. Балаларымыз білім ошағын жоғары білім көрсеткішімен аяқтап, көпшілігі грант иегерлері атанды. Осының бәрі ұстазымыздың арқасы. Осы мақсатта аталмыш мектеп ұжымының ұстаздарын мерейлі мерекесімен құттықтағымыз келеді. Өз мамандығын сүйетін ұлағатты ұстаз Айсұлу Ахметқызына еңбекте табыс, отбасына амандық тілейміз. Ұлт мерейін үстем етер тұлға тәрбиелеу жолындағы еңбегі жемісті болсын!
С.ШАЙХОВА,
А. РАХИМБЕКОВА,
Н. ҚҰСАЙЫНОВА.
№57 С.Саттаров атындағы мектеп-лицейінің ата-аналары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.