Білім

«Мен жастарға сенемін!»

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Алаш» ардақтысы, аса көрнекті ақын, педагог, психолог, журналист, қоғам қайраткері, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы өз елінің тарихына, өткеніне деген қызығушылық пен құрметті ояту, әрі жас ұрпақтың жалпы оқуға, атап айтқанда Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына деген ынтасын қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау, поэтикалық сипаттағы шығармаларды мәнерлеп оқу дағдыларына үйрету, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, көркем әдебиет арқылы тіл мәдениетін арттыру, жас ұрпақты адамгершілікке және зияткерлікке тәрбиелеу, жастардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау.

Сайысқа Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қарағанды медицина университетінің студенттері қатысты.

«Мәнерлеп оқу шеберлігі» аталымында І орын – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 1-курс студенті Д.Своеволина (жетекшісі: К.Жекеева), ІІ орын – Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 2-курс студенті А.Сәкенқызы (жетекшісі: Л.Ақшабаева), ІІІ орын – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ГД-21-5 тобының студенті Т.Қайдар (жетекшісі: К.Хамзина) және ТТ-23-1 тобының студенті Ж.Койшын (жетекшісі: Л.Кулейменова), «Дауыс ырғағы мен сөйлеу тазалығы» аталымында І орын – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің АиУ-21-1 тобының студенті Е.Қанағат (жетекшісі М.Оспанғалиева), ІІ орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КеАҚ 4-курс студенті Н.Төкенова (жетекшісі: С.Ережепова), ІІІ орын – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КеАҚ СИБ-23-2 тобының студенті Ш.Бадай (жетекшісі: Н.Конурова), «Мазмұнды бейнежазба» аталымында І орын – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 3-курс студенті С.Зейкенова (жетекшісі: М.Есматова), ІІ орын – Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 1-курс студенті Ж.Анаева (жетекшісі: Ғ.Шәрібжанова), ІІІ орын – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ЛОГ-23-2 тобының студенті Т.Серғазина (жетекшісі: Қ.Нұржанова), ЭЭ-23-4 тобының студенті ­С.Мартынов (жетекшісі: Г.Сағатова) жеңімпазы атанды. Сайысқа қатысқандары үшін бірқатар студент Алғыс хатпен марапатталды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button