Мемлекет ұсынған тегін мүмкіндік
«JUMYS TAP» әлеуметтік жобасы аясында Қарағанды технология және сервис колледжі «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» және «Шаштараз өнері» екі мамандығы бойынша қала тұрғындарын даярлау бағдарламасын жүзеге асырады. Оқыту 1-28 тамыз аралығында дүйсенбі-жұма күндері өткізіледі.
Жобаны іске асыру мақсатында колледж «Шаштараз-стилист», «Тігінші» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқу жұмыс бағдарламаларын әзірледі. Бағдарламалар кәсіптік даярлауға қатысушы барлық тараптардың, яғни, білім алушының, жұмыс берушінің, колледждің мүдделеріне сай келеді.
Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда кезінде білім алу мүмкіндігін жіберіп алғандарға, жұмысы болса да, қысқа мерзімде жаңа кәсіби дағдыларды үйренгісі келетіндерге және кәсіпкерлікпен айналысамын дегендер үшін жақсы мүмкіндік болмақ.
«JUMYS TAP» әлеуметтік жобасы аясында қысқа мерзімді оқытудан өткендер кәсіби дағдыларды игеруге және дамытуға, сондай-ақ, табысын арттыруға әлеуетті жол ашады.
Қазір қоғамда білім берудің рөлі – еліміздің болашақ әл-ауқатының негізін қалау. Жаңа білім мен дағдыларды игере отырып, адам өндірістің технологиялық процестерінің, жаңа, әдетте цифрлық жабдықтың өзгеруі жағдайына оңай бейімделе алады.
Сондай-ақ, кез келген кәсіпорында, немесе, ұйымда болсын, жаңа технологиялар мен жаңа жабдықтарды ұдайы зерделеу талап етіледі. Осылайша, уақыттың өзі қысқа мерзімді курстарды құру кезінде өз шарттарын белгілейді. Бұл мамандықтағы алғашқы жұмыс дағдыларын үйренуге, табысқа жетуге және қоғамда тұлға ретінде орнығуға мүмкіндік береді.
«Шаштараз» даярлау курстарын сату нарығын зерделей отырып, облыс бойынша курстарды сату орташа есеппен 80 000 теңге екені анықталды. Егер бұл курстар шашты күрделі бояуды қамтыса, баға сәйкесінше жоғары болады. Осындай салыстыруды келтіре отырып, тегін оқыту және қайта даярлау курстарын ұсыну арқылы мемлекет халыққа қандай қолдау көрсетіп отырғанын зерделей беріңіз.
Кез келген қарағандылық колледжде қысқа мерзімде және ақысыз оқи алады.
Бұл ретте білім алушы «Шаштараз-стилист» мамандығын игере отырып, ерлер мен әйелдердің шаш үлгілерін жасау, заманауи әдістерді қолдана отырып, мұрт пен сақалдың дизайны, шашты бояу, химиялық бұйралау, санитария және гигиена, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ережелері сияқты кәсіби құзыреттіліктерді меңгереді.
Ал, «Тігінші» мамандығына оқығандар тігін жабдықтарында жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру, техникалық шарттарға сәйкес, тігістердің барлық түрлерін орындау, тігін бұйымдарының бөлшектері мен тораптарын сапалы өңдеуді қамтамасыз ету сияқты әдістерді үйренеді.
Оқу курсының соңында біліктілік туралы куәлік беріледі.
«Jumys tap» жобасының операторы – облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы.
Тегін білім алғысы келгендер «Таир», «Ұмай» сауда үйлерінде, Пришахтинскідегі «Ежик» супермаркетінде, Теміртау қаласының орталық базарында тегін кеңес алады.
Жедел желі телефоны: 8 (7212) 60-50-50
Надежда ЛЯПУНОВА,
Қарағанды технология және сервис колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары.