Мектеп жүрегі – шебер мұғалім

Білім жүйесіндегі  ауқымды реформалардың қозғаушы күші – кәсіби шебер мұғалімдер.  Елімізде мұғалімдерді қолдау және кәсіби шеберліктерін шыңдау – заман талабы. Осы талаптарға сәйкес «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» халықаралық қоғамдық қоры  «Білім беру көшбасшысы – 2017» екінші ұлттық республикалық  сайысын ұйымдастырды. Осы сайысқа Қарағанды облысынан Қарағанды қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері қатысып, арнайы төсбелгілерді жеңіп алды. Бастауыш сынып мұғалімі Майя Әділова білім саласындағы жетістіктері үшін  Қ.Сәтбаев атындағы бірінші дәрежелі төсбелгіні иеленді. Бастауыш сынып мұғалімдері Таңнұр Төлеуқұлова және Назерке Кәріғұл жас мұғалімдер сайысында «Алтын қанат» бірінші дәрежелі медалін жеңіп алды.

Республикалық сайыс кезеңдерінде мұғалімдердің кейінгі үш жылдағы жетістіктері мен авторлық бағдарламалары сарапқа салынды. Сайысқа республиканың барлық аймақтарынан 330-ға жуық ұстаз қатысты. Командалық мектептер арасындағы сайыста үш жыл бой белсенді қатысқан №4 орта мектеп командасы «Білім беру көшбасшысы-2017» арнайы сертификатымен, мектеп директоры Қаламқас Сабырқызы Алғыс хатпен марапатталды.

«Адамның жақсы болуы жақсы ұстаздан» демекші, мектеп ұжымының республика деңгейіндегі бұл жетістігі білім сапасының артуына ықпал етері сөзсіз.

Асқар ЕРКЕБАЕВ,

№4 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.