Білім

Мектеп түлектері емтиханды қашан тапсырады?

ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова баспасөз конференциясында мектеп түлектерінің емтиханды қашан тапсыратыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» сайтына сілтеме жасап.

Биыл 18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқу жылын аяқтайды. Онда 5 миллионнан астам оқушы мен тәрбиеленушілер оқыды.

– Биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты бітіреді. Олар одан әрі 10-сыныпқа қала ма, колледждерге түсе ме, осығанбайланысты шешім қабылдайды. 9-сыныптан кейін 130 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс ұсынылады. Түсу емтихандары өткізілмейді: балалар колледждерге орта білім туралы аттестаттың орташа балымен қабылданады. Барлық меншік түріндегі мектептерде 11-сыныпты 172 мыңнан астам түлегі аяқтайды, – деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ, жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізу ұсынылды.  

Спикердің айтуынша, 9-сынып оқушыларына арналған қорытынды мектеп бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жалғасады.

Колледждерді биыл 144 мыңнан астам түлек аяқтауда. Дипломдарды тапсыру салтанатын 28 маусым мен 1 шілде аралығында өткізу ұсынылып отыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button