Білім

Мектеп бітірушілерге мерекелік кеш ұйымдастыруға тыйым салынды

Биыл төртінші және тоғызыншы сынып бітірушілерге мерекелік кеш ұйымдастыруға тыйым салынады, деп хабарлайды Ortalyq.kz  Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

– Білім беру мекемелеріне жолдаған нұсқау хатта 31-мамырдағы сабақты кестеге және міндетті сынып сағатына сәйкес өткізу, сондай-ақ 1 маусым балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында мектеп қоңырауын соғу ұсынылды. Бастауыш мектептегі сынып сағатының сценарийін мұғалімдер сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындайды. Мектеп басшылығы сыныптағы іс-шараның, оның ішінде түлектердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеуін қадағалау керек, – ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары.

Сынып сағатын ұйымдастыру кезінде:

– Мерекелік іс-шараларға, ұйымдастырушы агенттіктерге, жеке студияларға аниматорларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға;
– Автокөлік жалдап,  қала (аудан) бойынша мерекелік дастархан және экскурсия ұйымдастыруға;
– Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық беру үшін қаражат жинауға;
– Ойын-сауық мекемелерінде (мейрамханалар, дәмханалар) бітіру кешін ұйымдастыруға жол берілмейді.

– Жергілікті білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің басшылары бастауыш және орта мектеп оқушыларының мектеп бітіру кешін салтанатты түрде өткізуге рұқсат берген жағдайда жауапкершілікке тартылады, – деп қорытындылады министрлік.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button