Бас тақырыпЖаңалықтар

Мейрам Кожухов: Ерте қамданған қапы қалмайды

Қарағанды қаласы ерте қамданып, келесі жылғы су тасқынына дайындық жұмыстарын бүгіннен бастап кетті.

– Өткен жылдан бастап облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тапсырмасы бойынша аталған мәселемен белсенді түрде айналысудамыз. Жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Бүгінгі таңда 5 шақырым кәріз желісін тазалауды жоспарласақ, оның 940 метрі тазартылды. Степной-3 шағынауданында 350 метр кәріз желісі толық тазартылды. Архитектурная көшесіндегі 250 метр, 19-шағынаудандағы 170 метр, Өркен көшесіндегі 170 метров кәріз желісін тазалау жұмыстары аяқталуға жақын, – деді Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов.

Бұдан басқа, биыл Мұқанов көшесі ретке келтірілетінін айтады қала басшысы. Бұл жерде су тасқыны кезінде «ГазПромНефть» ЖҚБ ауданында проблемалық учаске анықталған. Атап айтқанда, су жиналып қала беретін орын. Сондай-ақ Бұқар жырау көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары кезінде нөсер кәрізі толық бітелгені анықталған. Жұмыстар жалғаса береді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button