АқтоғайБасты тақырып

МЕЙІРІМ ТОЛЫ ЖҮРЕКТЕР

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында Қызыларай жалпы орта білім беретін мектебінде биылғы оқу жылынан бастап, арнайы жоспар жасалды. Акция аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар мен балалар тізімі құрылды.

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында Қызыларай жалпы орта білім беретін мектебінде биылғы оқу жылынан бастап, арнайы жоспар жасалды. Акция аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар мен балалар тізімі құрылды.

Шараға ауыл әкімшілігі мамандары, ата-аналар қоғамы, мектеп мұғалімдері қатысты. Ауыл көшелеріндегі сауда нүктелерінде, мекемелерде хабарландырулар мен плакаттар ілінді. Білім беру ұйымдарындағы барлық балаларды қамту мақсатында жеті шағын аудан бойынша рейдтер жүргізілді.Жоспар бойынша 8-қыркүйек күні «Жүрегім толы – мейірім» атты мерекелік кеш өткізілді. Демеушілер шақырылып, жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп мұғалімдері мен әкімшілік қызметкерлері тарапынан көмек көрсетілді. Ауылымыздың жеке кәсіпкері О.Ахметова және жеке шаруа қожалық иесі С.Біләлов 72000 теңгеге оқу құралдары мен киім-кешектер үлестіріп берді. Аудандық жалпы білім беру қорынан 86622 теңгеге алынған спорттық және аяқ киімдер аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 21 оқушыға таратылды. Демеушілік көрсеткен алтын жүрек жандарға мектеп ұжымы және ата-аналар алғыс айтып, жұмыстарының табысты болуына тілектестігін білдіруде. Мектеп бойынша акция жалғасын табады.

К.ҚАПАСОВА,

Қызыларай жалпы орта білім беретін мектебінің

әлеуметтік педагогы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button