Жаңалықтар

Маусым сәтті басталды

    «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасындағы бәсекеге араласып кетті. Жексенбі күні «Қарағанды – Арена» мұз сарайында биылғы маусымдағы алғашқы матчын өткізді.

Тұсаукесер матчтағы қарсылас қорғандық «Зауралье» клубы болды. «Сарыарқалықтар» қонақтардан басым түсіп, жанкүйерлер қауымының қуанышын еселей түсті. 1:0.

Ойындағы жалғыз шайбаны Олег Ломако салды. Сөйтіп, бірінші тур нәтижесінде шайба көрсеткіші бойынша «Сарыарқа» 11-ші сатыдан көрінді.

Келесі қарсылас – түмендік «Рубин». Командалар бүгін кездеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Теміртау» елордалық «Номадтан» айласын асырды. 2:4.

«Теміртаулықтар» сапында Ренат Сафин екі шайбаны өз есебіне жазса, Дмитрий Орлов пен Тимур Булатов бір-бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Қарсыластар тарапынан Александр Долгушев пен Егор Петухов біздің қақпаны дәл көздеді.

«Теміртау» енді көкшетаулық «Арланмен» күш сынасады. 13-14 қыркүйек күндері Көкшетауда қонақта болады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button