Жаңалықтар

Маусым айында Қазақстанда тұрғын үй бойынша 39 мыңнан астам мәміле тіркелді

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны 28,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 841 – 17,5%) және Астана (6 436 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 772 – 9,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 360 мәміле (0,9%) тіркелген.

Суреттер magnific.com

2026 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда мәмілелер санының өсуі барлық өңірлерде байқалады. Ең жоғарғы өсім Маңғыстау  (+67,4%), Қарағанды (+43,4%) және Атырау (+40,9%) облыстарында тіркелді.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 25,9% (6 051 мәмілеге) өсті. 2026 жылдың маусым айында пәтерлер бойынша барлығы 29 432 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,4%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,4%), Алматы (21,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,5%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 11 348 мәміле.

2026 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 36,7% (2 582 мәмілеге) өсті. Маусымда барлығы 9 621 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсімі, Шығыс Қазақстан облысын (-1,4%) қоспағанда, барлық өңірлерде тіркелді.

Ұлттық статистика бюросы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button