Ақтоғай

«Мал баққанға бітеді»

«Елде болса ерінге тиеді» деген. Әр ауылда мыңғыртып мал өсірген шаруа қожалықтарының саны арта түссе, ұтарымыз көп. Бұл береке, ырызықтың бастауы. Сонымен қатар, ата кәсіпке деген ізгі құрметтің жарқын көрінісі болса керек.

Мәселен, Жидебай ауылдық округінде малды семіртудің қазіргі заманауи үлгісі, тәжірибесі қалыптасқан. Мысалы, еттік бағыттағы малды өсіріп, бордақылап, халық дастарқанына жөнелтудің мәні зор. Осы орайда ауылдық округте 100 және 50 малға шақталған бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. Ауылдық жерде мал шаруашылығын дамыту, белгіленген талапқа сай өркендету уақыт талабы. Мал бордақылау алаңында жыл он екі ай ішінде семіртіп, белгіленген кестеге сай тиісті орындарға өткізу әрбір ұжымның көздеген межеден шығуына жол ашады.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button