Руханият

Майбасар Өскенбайұлының ісі

Жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» деп аталатын бірінші тарауы шет ел тілдеріне «Возвращение», «Rettung» деп аударылады. Үш тілдегі ұғым мәнін ғылым келесідей түсінгенді қалайды: «әрбір нәрсенің өзінің құқықтық, негізгі мәніне қайтпақ, сонда сақталмақ ниеті». Себебі, әділет ісін тәрк еткен жұрт құқыққа қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемсітпек, қорғансыздың күнін кештірмек. Қызық пен ермекке бөгіп, бөскен көптен көңілі қалған құқық түп иесін көксеп, үйіне оралуды ойламағанда қайтеді.

Ит тұқымын қазақ туғанына тоғыз ай толғанда «үйіне жетті» – ер жетті деп есептейді. Батыс ойшылы М.Хайдгер бойынша «Тіл – болмыс үйі». Шығыс ойшылы Абай болса: «Шырақтар, ынталарың «менікінде», тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділеттік, арлылық, махаббатпен, үй жолдасың қабірден әрі өткенде» депті.

Абайдағы «Үй» – құқық. Құқық дегеніміз ғұмырдан өсіп-өнген, соның соңынан ерген әділет ісінің мінезі. Өйткені, әділет барша ізгіліктің анасы – дүр. Ынсап, ұят – бұл әделеттен шығады. Ғұмырдың өзі – зұлымдық пен әділет майданы. Олай болса, Абайдың шәкірт інісі Шәкәрім кезінде: «Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес» деп, неліктен айтып кеткен? Әлде, әлімсақтан әділеттік әлемдегі ең әдемі де, ең әлсіз іс болғаны ма? Жоқ. Мәселе, өзгеде. Дүниеде түпкі мақсаты – өз пайдасы болған өзімшілдікте. Басына һәм өзіне өзгешілік бермек – адам ұлын бір бұза­тұғын іс. Мінезі бұзылған пенде теріс іске құмартып, өзіне өзгешілік берем деп, өзін тілмен, қылығымен өзін-өзі артық көрсетуге құмартып, өзгені қас сағынып, өзгелердің құқығына зарар келтіреді. Өзімшілдіктің түпкі себебін анық ашып, тауып берер нұс­қаны «Абай жолы» роман-эпопеясының кейіпкері Майбасар Өскенбайұлының басынан өткен оқиғадан көруге болар. Ол тарихи оқиға Омбы архивіндегі «Құнанбай Өскенбаевтың ісіндегі» ресми үкіметтің құжаттарында баян етілген. Майбасар тарихи тұлға, Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі. «Төрт тоқал» атанған туысқандарының бір тоқалынан осы Майбасар.

Марат АЗБАНБАЕВ.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің 2023 жылғы 10 маусымдағы №64 (23 240) нөмірінен оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button