Жаңалықтар

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу жалғасып жатыр

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасуда.

Сурет Қорғаныс Министрлігінен

Тергеу барысында оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Сондай-ақ қажетті құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды.

Тергеу нәтижесінде қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Олар метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізбеген және қажетті шараларды қабылдамаған. Бұдан бөлек, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмағаны анықталды.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілердің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, оларға қатысты тиісті процестік шаралар қабылданады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button