Қарағанды

Мақтан тұтамын

92 гимназияның 8 «ә» сынып оқушылары «Үздік сынып» атағын жеңіп алды. Біздің жанашырымыз – сынып жетекшіміз Диана Сәрсенқызының еңбегі зор. «Бірлігі күшті ел озар» дегендей, ұйымшылдықтың арқасында мектепішілік, қалалық сайыстарға қатысып, көптеген жетістіктерге ие болдық. Сынып ұжымы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Ұсынылған кез келген іске қызығушылықпен кіріседі. Сынып ұжымында өзара түсіністік, іскерлік ынтымақтастық байқалады, өздері және ұжым үшін жауапкершілікті сезінеді. Көптеген балалар қосымша білім беру жүйесінде тіркелген, яғни, би, ән және спорт үйірмелеріне қатысады. Мектепте жүргізілетін барлық іс-шараларға ерекше ынтамен атсалысады. Би студиясына қызығушылықпен барады. Сыныптың әлеуметтік маңызды шараларынан да қалмайды. Біздің сыныптың әлі де алар асулары мен жетер жетістіктері көп. Мектебімді мақтан тұтамын.

Нұрлан БАЙЖҰМАНОВ,

92 мектеп-гимназиясының

8 «ә» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button