Бас тақырыпРесми

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заң жобасын қабылдады

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды және кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы екінші оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды. 

Сурет: 24.kg

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

– Заң жобасында жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін баспасөз картасын енгізу жөніндегі норма ұсынылған. Ашығын айту керек, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Жұмыс тобы мүшелерінің басым бөлігі бұл норманы демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады. Сондықтан бұл норма бойынша нақты шешім қабылданды, «пресс-карта» туралы норма жойылды, – деді депутат.

«Масс-медиа туралы» заңда не өзгерді?

  • Енді бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарының ескіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.
  • Баспасөз картасы туралы норма масс-медиа туралы заңнан алынып тасталды. Оны сарапшылар журналистер жұмысын шектеу және оларға қысым көрсету механизмі деп таныған.
  • Бастапқы ұсыныста бұл мерзім үш жыл деп көрсетілген. Бірақ талқылау барысында оны қысқарту туралы шешім қабылданды.
  • Енді шенеуніктер БАҚ тарапынан түскен сауалдарға бес күн ішінде жауап беруі керек. Бұрын бұл мерзім жеті жұмыс күні болатын.
  • Заңға сәйкес теледидар мен радиода қазақ тілді және отандық контент көп болады. 2025 жылдан бастап теле-радиобағдарламалардың жалпы көлемінің 55%-ы, 2027 жылдан бастап 60%-ы мемлекеттік тілде және отандық өндірісте болуы қажет.
  • Барлық желілік басылым мен ақпараттық агенттік «интернет-басылым» деген біртұтас ұғымға біріктіріледі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button