Балқаш

Мұқтаж жанға – мүмкіндік

   Адам бақытты болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Ал, енді, Алланың жазуымен мүгедек болып қалғандарға аялы қамқорлық керек-ақ. Тағдырдың жазуына қарсылық көрсете алмайсың, дегенмен бір-бірімізге деген мейірім шуағы төгіліп тұруы керек-ақ.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы А.Сағымбеков Балқаш қаласында болып, мүгедектердің жай-күйімен танысты. Негізгі мақсат – олардың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті, қамқорлықты барынша жетілдіре түсу. Мүгедектердің қоғамдық өмірге белсене араласа отырып, өмірден өз орнын табуы, жұмыспен қамтылуы, тәлім-тәрбие беру мәселелері ортаға салынды.

Іс-шара мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлініп отырғандығын көрсетті.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button