Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиға: қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде із-түзсіз жоғалған тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.
Сурет Қорғаныс министрлігінен

25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында үздіксіз іздеу-құтқару жұмыстары барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, іздеу-құтқару операциясы аяқталды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button