Руханият

Мүсіндер «сөйледі»

Облыс шеберлері халықаралық фестивальде қымыз сапырып отырған әжейдің үш метрлік мүсінін жасады.

Сурет облыс әкімдігі сайтынан

Шымкентте өткен халықаралық ағаш кесу фестиваліне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Беларусь елдерінің шеберлері қатысты. Қарағанды облысының намысын Ә.Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебінің оқытушылары Ерсін Темірғалиев пен Жаңабек Жұмабеков бар Шахтинск қаласының «Сарыарқа-Қаракесек» дуэті қорғады. Олар ұлттық стильде үш метрлік мүсін жасап, тұтас балқарағай ағашынан қымыз сапырып отырған қарт әйел бейнесін жасады.

– Біз ағаш оюмен бұрыннан айналысамыз. Бірақ бұған дейін тек ұсақ нәрселер болатын. Ауқымды жұмысқа алғаш рет 2024 жылы, Алтайдағы фестивальде кірістік. Біздің команда сол жерде құрылды. Бұған дейін тек кескіндеме фестиваліне қатысқан едік. Қыста мұздан кескіндер жасаймыз. Кейде бізге бетоннан жасалған шағын пішіндерге тапсырыс түседі, – деді Ерсін Темірғалиев.

Бұл жолы қымыз – ұлттық сусынды күбіде сапырып отырған қарт әйелдің бейнесін таңдау туралы шешім қабылдаған. Басты идея – қазақтың қонақжайлылық дәстүрлерін көрсету. Ұлттық ою-өрнектер де ұмыт қалмады, оларды кимешек пен күбіге ойып жасаған. Саусаққа әшекей ірі сақина қосылды.
Ұйымдастырушылар мен басқа да суретшілер Шахтинск шеберлерінің жұмыс сапасы мен күрделілігін атап өтті.

– SHYMKENT USTA FEST алғаш рет өтті. Біз тәжірибе жинақтау үшін бардық. Мысалы, онда 150-ден астам бүкіл әлем бойынша шетелдік фестивальдерге қатысқан қатысушы болды. Олардан бізге кеңес беріп, жұмысты бағалауын сұрадық. Бірнеше ескерту жасап, әдістемемізді қалай жақсартуға болатынын айтты, – деп атап өтті Ерсін Темірғалиев.

Фестиваль қатысушыларына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button